DiMaker DiMaker Express What is the difference?
Қолтаңба немесе мөртабан қою

Қолтаңба немесе мөртабан қою

Сіз файлды электронды түрде жіберіп жатқанда мөр мен қолтаңба қоюға мүмкіндігіңіз жоқ па?

Мөр немесе қолтаңбаңызды сканерлеп, құралдар тақтасындағы «Суретті кірістіру» батырмасын басып, салыңыз.

Өңдеуге көмек керек пе?

Егер сіз ақ фонды өзіңіз бөле алмасаңыз, бізге мөрдің немесе қолтаңбаның сканерін (фотосуретін) жіберіңіз. Біз мұны сіз үшін жасаймыз!

Өңдеусіз

Өңдеумен

Мөрдің немесе қолтаңбаның суретін үш қадаммен ғана алыңыз:

1

Сканерлеу

Параққа мөр немесе қолтаңба қойып, сканерліңіз (суретке түсіруге болады). Сапа неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жақсы!

2

Жүктейсіз

Осы суреттерді жөнелту формасы арқылы жіберіңіз. Оларды өңдеуге бірнеше сағат кетеді (жұмыс уақытында).

3

Алу

Электрондық мөр немесе қолтаңба файлы тез енгізу үшін қол жетімді болады. Оның ақ фоны болмайды.

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл қандай қызмет?
Біз сіздің сұраныс бойынша фото өндеу (фонды алып тастау) қызметті жасаймыз. Соңында сіз құжаттарыңызда әдемі болып тұратын фонсыз файлды аласыз. Біз фотомонтаж істемейміз және суретті өзгертпейміз. Біз тек ақ фонды алып тастап, құжаттарда жақсы болып көрінетін мөртабан мен қолтаңбаның суретін дайындап береміз.
Сіздің құжаттардағы мөртабанды пайдалану құқығыңыз болуы керек. DiMaker- құжаттарды қолдан жасау қызметі емес. Осылайша салынған мөртабаның (және қолтаңбаның) заңды күші жоқ, бірақ дайын құжатты салмақтырақ етеді.
Мұндай мөртабан мен қолтаңбаны мөрді қою мүмкіндік болмаған кезде қолданыңыз, мысалы , құжаттарды электронды түрде жіберген кезде.
Бұл қанша тұрады?
Дайын үлгіге PRO құралын пайдалану аясында, тегін. Бізге сканерлеуді жіберіп,дайын файлды құжатқа салу үшін сізде дайын үлгіге арналған PRO құрал болуы керек.
Сіз төлем жасағаннан кейін, жүктеу формасы мөртабан салу терезесінде белсенді болады. Сіз бізге өңдеу үшін файлдардың кез-келген санын жібере аласыз, бірақ әділ пайдалану саясаты қолдануда.
Өңдеу қанша уақытты алады?
Біз сіздің файлдарыңызды жұмыс уақытында өңдейміз. Өңдеу бірнеше сағаттан бір күнге дейін созылуы мүмкін.
Мөрді немесе қолтаңбаны қалай дайындау керек?
Өңдеуге жіберу үшін мөрді (қолтаңбаны) арнайы дайындау керек. Парақта басқа элементтер, соның ішінде мәтін болмауы керек. Ақ қағаз парағын алыңыз(күңгірт фото қағаз болса жақсы). Мөрді (қолтаңбаны) жақсы шығуы үшін мүмкіндігінше ұқыпты қойыңыз.
"DiMаker редакторда қолдану үшін" деп жанына жазып қойыңыз. Қандай да бір құжаттардан жәй мөртабан (қолтаңба) үлгілерін пайдалануға тыйым салынады. Бізге жіберу үшін мөртабанды (қолтаңбаны) арнайы дайындауыңызға қажет.
Мөрдің (қолтаңбаның) редакторға арнайы дайындалғандығы көрініп тұруы үшін толық А4 парағын немесе парақтың бірталай бөлігін жіберу керек. Сканерлеу кезінде мүмкіндігінше жоғары сапаны орнатыңыз. .
Егер сіз суретке түсіретін болсаңыз, оны күндізгі жарықта істеңіз. Камераны (телефонды) параққа дәл параллель ұстауға тырысыңыз. Егер сіз телефонға суретке түсіретін болсаңыз, сізге камераның сапасы жақсы заманауи телефон қажет.
Менің өңдеу туралы өтінішім неге қабылданбады?
Бұл екі себептен болуы мүмкін. Біріншісі-сіз сапасы өте төмен файлды жібердіңіз. Шебер оны өңдей алмады. Тағы бір себеп: сіздің файлыңыз шарттарға сәйкес келмейді. Өңдеуге жіберу үшін мөр мен қолтаңбаны арнайы дайындау керек.Мөрді (немесе қолтаңбаны) жоғарыдағы нұсқауларға сәйкес дайындап, бізге қайтадан жіберіп көріңіз.
Онлайн-редактор ашу