Объектілермен жұмыс
Парақта орналасқанның бәрі — мәтіндік блоктар, суреттер, елтаңбалар, мөрлер, фигуралар, кестелер және QR-кодтар — бұлар объектілер. Оларды бірдей тәсілмен жылжытуға, созуға және ретке келтіруге болады.
Белгілеу
- Бір объект — оның үстінен шертіңіз.
- Бірнеше объект —
Shift,Ctrlнемесе⌘пернесін басып тұрып шертіңіз. Немесе оларды жақтаумен қоршаңыз: тышқанның батырмасын парақтың бос жерінде басып тұрып, тартыңыз. - Барлығын бірден —
Ctrl+Aнемесе «Өңдеу» → «Барлығын белгілеу».
Жылжыту, өлшемі және бұру
- Жылжыту — объектіні тышқанмен тартыңыз. Дәл келтіру үшін бағыттауыш пернелерін пайдаланыңыз: қадамы 1 пиксель,
Shiftпернесімен — 10 пиксель. - Өлшемін өзгерту — жақтаудағы төртбұрыштан тартыңыз.
- Бұру — объектінің үстіндегі дөңгелек тұтқадан тартыңыз. 45° бұрыштарға жақындағанда объект «жабысады» — осылайша оны тегіс қалпына қайтару оңай.
Объектіні жылжытқан кезде бағыттаушы сызықтар пайда болады: бұл оны басқа объектінің дәл ортасына немесе шетіне туралап қоюды жеңілдетеді.
Туралау және қабаттар
Құралдар тақтасындағы «Объектілерді туралау» батырмасы белгіленген объектілерді шеті немесе ортасы бойынша туралайды. «Кенеп ортасына туралау» тармағы объектіні парақтың дәл ортасына қояды.
Егер бір объект екіншісін жауып қалса, қабаттар батырмасын немесе контекстік мәзірді ашып, «Алдыңғы жоспарға» немесе «Артқы жоспарға» дегенді таңдаңыз.
Көшіру, бекіту және жою
Мәзірді ашу үшін объектіні тышқанның оң жақ батырмасымен шертіңіз:
- Көшіру — содан кейін көшірмені
Ctrl+Vарқылы, соның ішінде басқа параққа да қойыңыз; - Бекіту — объект кездейсоқ жылжып кетуден қорғалады. Оны қайтадан жылжыту үшін «Босату» тармағын таңдаңыз;
- Жою — немесе
Deleteпернесі.
Қате әрекетті Ctrl+Z арқылы болдырмауға болады.
Егер орындалмаса
- Объект жылжымайды — бәлкім, ол бекітілген. Контекстік мәзірді ашып, «Босату» тармағын таңдаңыз.
- Басқа объектінің астындағы объектіні белгілеу мүмкін емес — жоғарғы объектіні артқы жоспарға ауыстырыңыз немесе оны уақытша жылжыта тұрыңыз.
- Ештеңені өзгерту мүмкін емес — құжат тек қарау үшін ашылған.